№9 жалпы білім беретін мектебінің «Жас қыран» ұйымының «Қайырымдылық игі іс» тақырыбында өткізілген іс-шара

№9 жалпы білім беретін мектебінің «Жас қыран» ұйымының «Қайырымдылық игі іс» тақырыбында өткізілген іс-шара
28 наурыз Игі істер күні. Бұл күні әркімге, мүмкіндігіне қарай, бір жақсылық іс жасау ұсынылады, еріктілердің қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіледі. Осыған орай «Қайырымдылық игі іс» тақырыбында Жас қыран ұйымының оқушылары өз қолдарымен құстардың ұясын жасап, оны мектеп ауласындағы ағаштарға іліп, құстарға мейірімділік танытты. Аталған шараның мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, табиғатты аялай білуге үйрету, құстарға көмек беру.
Дата: 29.03.2021, 13:09 Автор: №9 ОМ