«Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында кездесу ақпараты

«Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында  кездесу ақпараты
№9 жалпы білім беретін мектебімізде 11 ақпан күні кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ауған соғысының ардагері, интернационалист жауынгер Аязбаев Мұрат Жолдасбаевичпен ZOOM платформасы арқылы кездесу өтті.Кездесу барысында барысында жалындаған жастық шақтарын отты жылдарға арнаған өмірлерінен сыр шертті, жастарға тәуелсіздігімізді, еліміздегі бейбіт өмірді, татулық пен ынтымақтастықты қадірлей білулері керек екенін айтты.Оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Кездесуді мектеп директоры Д.Жолдасова қорытындылап, ауған соғысының ардагерлеріне мектеп ұжымы, оқушылар атынан алғыс айтты.
Дата: 11.02.2021, 14:24 Автор: №9 ОМ