№ 9 жалпы білім беретін мектебі тақырыбында «Адалдық сағаты» туралы ақпарат

 № 9 жалпы білім беретін  мектебі тақырыбында «Адалдық сағаты» туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында 2.02.2021 жылы 1-11 сыныптар аралығында «Адалдық сағаты» өтті. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, әрі ел ішінде танымал талай туындының авторы Қалқаман Сарин өзінің өмірлік ұстанымы ретінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Менің өмірдегі басты ұстанымым – «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деген сөздерін келтірді. Сондай-ақ, жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, патриот болу үшін ең бірінші әр азамат өзінің тарихын оқуы керек, сонда ғана елін, жерін, бабаларын мақтан тұтады.Оқушылар бейнеролик көргеннен кейін өз пікірлерімен бөлісіп, адалдық, әділдік, парасаттылық туралы ойларын ортаға салды.
Дата: 2.02.2021, 19:06 Автор: №9 ОМ