«Жолда жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында үгіт-насихат тобының көрсетілімі ақпараты

«Жолда жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында үгіт-насихат тобының көрсетілімі ақпараты
2021 жылдың 26-қаңтары күні «Жолда жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында мектебіміздің жас жол инспекторлары 1-сынып оқушыларына арнап үгіт-насихат тобының көрсетілімі өтті. Оқушылар жол қауіпсіздігі, жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі және жол белгілері туралы мағлұмат алды. Жолда жүру ережесін сақтау әр адамның жауапкершілігі екені айтылды. Әр оқушы жолда жүру ережесі туралы өз білетіндерін ортаға салды.
Дата: 26.01.2021, 13:57 Автор: №9 ОМ