«Ынтымағы жарасқан Қазақстан» қалалық мәнерлеп оқу сайысы туралы ақпар

«Ынтымағы жарасқан Қазақстан» қалалық мәнерлеп оқу сайысы туралы ақпар

         2015 жылдың 10-желтоқсан күні мектеп оқушылары арасында қалалық «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп нақышына келтіріп оқу арқылы оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың шығармашылық шеберліктерін шыңдау. Жас ұрпақты өз  Отанын сүюге, елжандылыққа баули отырып,  халықтар арасындағы бірлік пен татулықты  сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу . Сайыс екі кезеңнен тұрды.
І кезең.  Сайыста қазақ ақын- жазушыларының Отан, туған ел, ел бірлігі мен татулығы тақырыбындағы поэзиялық шығармаларын мәнерлеп оқу.
ІІ кезең. Қазақстан халқының бірлігіне арналған ойтолғау.
Сайысқа әр мектептен 5-6 сынып оқушыларынан 1 оқушыдан  қатысты.   Қазылар алқасы ақын Қуандық  Мақсұтұлы Саденов,  қалалық Сейфуллин кітапханасы  директорының орынбасары  Сопина Жанат Қайырханқызы,  тілдер орталығы коммуналдық мекемесінің  әдіскері Сауытбаева Гүлбану Абайқызы  , Балқаш өңірі газетінің тілшісі Бекеева А.,   №8 орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Сартаева Г. Қазылар алқасының  шешімімен І орынды  Қуаныш Нұрбөпе №7 мектеп оқушысы, ІІ орынды Тлеуғабылова Анел №6 мектеп оқушысы, және Құрмаш Мирас №2 мектеп  интернаты оқушысы, ІІІ орынды №8 мектеп оқушысы Абдрасилова Р. иеленді. Эссе бойынша І орынды Аралбаева К. №1 мектеп оқушысы,  ІІ орынды Сәбит Ділназ гимназия оқушысы иеленді.