Размер шрифта:

Яссауитану байқауы

 

Қасиетті мәуліт айының қарсаңында 11 наурыз күні Сәкен Сейфуллин атындағы №7мектепте қалалық Яссауитану байқауы болып өтті.Бұл байқау жылда өтетін дәстүрлі шара. Бұл шара биылғы жылы қасиетті мәуліт айымен тұспа тұс келіп отыр  және мақсаты  Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған,түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың хикметтері мен ілімін насихаттау.Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп,зерттеуге ынталандыру.

      Қожа Ахмет Йасауи –ақын,ойшыл,ұстаз,түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы сопылардың бірі.Ол казіргі Шымкент облысындағы Сайрамда туып,қазақ жерін Үнді,Қытай,Еуропамен байланыстырған Түркістан қаласында туды. Йасауидің әкесі-Шайхы Ибрахим Сопылық жолды ұстанған діндар адам болған.Ахметтің анасы-Қарашаш пен әкесі Ибрахимнің мазары-Сайрамда ұстазы-Арыстанбаб.

     Бұл іс-шараны Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдері Нақыпбекова Жанар Сайлауқызы  мен Карина Айым Бөлегенқызы  ұйымдастырып өткізді. Іс-шараға қалалық қазақ мектептерінің ішінде №2 Абай атындағы лицей ,№2 мектеп интернат, №15 мектеп-лицей,  №9 орта мектеп, №16 орта мектеп, № 8 орта мектеп, №24 орта мектеп, №7 мектеп-гимназия оқушылары бақ сынасты. Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды 16 мектеп оқушысы Бүркітбай Дастан иеленді. ІІ орынды  15 мектеп оқушысы  Маратова Ақерке  мен  8 орта мектеп оқушысы Дарханова Мадина ие болды. ІІІ орынға  7 мектеп-гимназия оқушысы Төлеухан Айгерім мен  2 Абай атындағы лицей оқушысы Ержанова Аяулым  және 9 орта мектеп оқушысы Косаева Луиза иеленді.      ІҮ орынды 24  орта мектеп оқушысы Жузбаева Сымбат алды.Ү орынды 2 мектеп-интернат оқушысы Курманбекова Маржан иеленді.

 

 

 

 

Дата: 17.03.2015, 4:29 Автор: №7 МГ