«Дабылды жылдардың дауылпаз ақыны» атты оқырмандар конференциясы

15 мамыр күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында қазақтың ақиық ақыны С.Сейфуллиннің 120 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған  «Тар жол, тайғақ кешу» романы бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Ақынның өмірі туралы бейнефильмдер көрсетіліп, Дина Тұрсынқызы Жолдасова  Сәкеннің өмір жолына қысқаша шолу жасап, кіріспе сөз сөйледі.Мектептің 5-сынып оқушылары ақынның «Асығып тез аттандық» өлеңін нақышына келтіре оқып, тыңдармандарға үлкен жігер берді. Конференция барысында ақынның «Тар жол, тайғақ кешу» романы бойынша қалалық гимназия, №8, №7, №9, №15, №16, №25 және №2 лицейдің 10-сынып оқушылары баяндамалар оқып, романның әр тарауларына талдау-пікірлер жасады.  Кеш соңында баяндама жасаған оқушылар мен олардың ұстаздары  алғыс хаттармен марапатталса , конференция қонақтары Сәкеннің «Жас қазақ марсельезасын»  патриоттық  сезіммен әуелете орындады.

Дата: 17.05.2014, 10:34 Автор: №7 МГ