«Ертегілер әлемінде» сурет көрмесі

«Ертегілер әлемінде» сурет көрмесі

«Ертегілер әлемінде» сурет көрмесі

 Ертегі-халық шығармасы,халық мұрасы.Ертегі арқылы халық өздерінің арман тілектерін,мұң-мұқтаждарын қиялдай отырып,мақсатқа жетуге талпынған.Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптарында жүргізілетін «Ертегілер әлемінде» таңдаулы курсы оқушылардың өз ой-қиялын,адамгершілік сезімдерін  дамытып,тіл байлықтарын,сөйлеу мәдениетін ұштайды.Қаңтар айының 24-інде мектеп-гимназияда оқушы қылқаламының туындыларынан ертегі желісі бойынша салынған сурет көрмесі ұйымдастырылды. 2-сынып оқушылары арасында тамаша суреттері үшін 2 «Ә» сынып оқушылары І орынды, 2 «А» және 2  «Б» сынып оқушылары ІІ орынды жеңіп алса, 2 «В» және 2 «Г» сынып оқушылары ІІІ орынға ие болды.

Дата: 29.01.2014, 6:55 Автор: №7 МГ