Облыстық пән олимпиадасындағы біздің оқушылардың жүлделері

 Облыстық пән олимпиадасындағы біздің оқушылардың жүлделері

 

Елімізді өркениеттің асқар шыңына бастап келе жатқан Елбасымыздың биылғы жолдауында «жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек» деп айтқанындай, бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құру үшін біліммен қарулануымыз керек. Ал білімдінің мыңды жығатынын ескерсек, еліміздің ертеңі нұрлы болатыны анық.Осы мақсатта жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарымыздың ерен еңбегі ауыз толтырып айтарлықтай. «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» демей ме,  халық даналығы.Мұның бір дәлелі С.Сейфуллин атындағы  №7мектеп-гимназиясының  оқушылары  облыстық пән олимпиадасында оза шауып, қанжығалары майланып келді.Атап айтсақ:  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Тлеуқұл А. IІІ орын иеленіп, тарих пәні бойынша Амангелдинова А. IIорынды , география  пәні бойынша Малтабар А.  III орындыиеленді. Осындай білімді шәкірттерді тәрбиелеуде ұстаздарымыздың еңбегі ұшан-теңіз.Атап айтсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Уәлиева А.М., география пәнінің мұғалімі Шайкенова К.Ш. тарих және құқық пәнінің мұғалімі Карибжанов Е.Т. шәкірттерінің жан дүниесіне нұрлы шуақ түсіріп, білім дәнін сеуіп, саналы тәрбиені сіңіруде.Мектебіміздің мерейін асқақтатып жүрген осындай ұстаздарымыз бен оқушыларымызға әрқашан да табыс тілейміз.Дамудың даңғыл жолындағы Қазақстанның болашағы осындай білікті маман мен білімді ұрпақтың қолында болса, Тәуелсіздігіміздің туы әрқашан бәсекеге қабілетті елдермен иық тіресе желбіреп тұратыны сөзсіз.

 

Дата: 13.01.2014, 10:46 Автор: №7 МГ