«Елін сүйген - Елбасы» апталықтың ашылуы

«Елін сүйген - Елбасы» апталықтың ашылуы

 

20 қараша күні Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Елін сүйген - Елбасы» атты тақырыпта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай апталықтың ашылу салтанатты жиыны өтті. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісінің міндетін атқарушы Ерубаева риза Берікқызы салтанатты жиынның мақсатымен оқушыларды таныстырып өтті. Салтанатты жиын барысында мектебіміздің үгіт насихат тобынан кейін «Жігіттер» вокалдық тобы «Жаса, жаса, қазағымІ» әнін, 6 «Б» сынып оқушысы Сатбек Арнұр «Қазақстан бақыты» әнімен жалғастырды. Жиын соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Хусмолдинова Н.Е. сөз алып оқушыларды апталықтың ашылуымен құттықтады.

Дата: 25.11.2013, 9:53 Автор: №7 МГ