Математика мұғалімдерінің облыстық семинары

Математика мұғалімдерінің облыстық семинары

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Озық тәжірибені таратамыз» деген тақырыпта математика пәнінен облыстық семинар өтті. Осы семинардың аясында математика пәнінің мұғалімі Адильбекова Айгуль Ажановна 11А сыныбында «Иррационал өрнектерді түрлендіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өте жақсы деп бағаланды. Математика мұғалімі Ізмағанбетова Жахрия Идиятовнаның «Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы тақырыбын бекіту» атты ашық сабағы өте жақсы деп бағаланды.Семинарға белсене қатысқаны үшін мұғалімге Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының сертификаты берілді.

Дата: 22.11.2013, 3:33 Автор: №7 МГ