Қалалық «Әнші балапан» ән байқауы

Қалалық «Әнші балапан» ән байқауы

8.11.2013 жылы қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылығымен №7 мектеп-гимназиясы базасында қалалық «Әнші балапан» ән байқауы өткізілді. Байқаудың өткізілу мақсаты – балалардың мәдени тынығу шығармашылығын дамыта отырып, өнерге қолдау көрсету. Байқауға қалалық болғандықтан 16 мектептен оқушылар қатысты. Оқушылар берілген ережеге сай дайындалып келген. Әділғазы алқасы қатысушыларға әділ бағасын беріп мынадай орындарға ие болды. Бас жүлдені №7 мектеп-гимназия оқушысы Әбентаева Дильназ, І орын №24 мектеп оқушысы Бейсекеев Ануар, ІІ орын Абдуманап Камила, ІІІ орын №2 мектеп интернат оқушысы Павлик Олжас иеленді. Жүлделі орындарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар тапсырылды. Бас жүлдеге «Веб камера», басқа үш орынға «Флеш карталар» қалған қатысушыларға алғыс хат пен блокнот тапсырылды. Ән байқауын мектептің көркемдік жетекшісі Талимов А.Х., музыка пәні мұғалімі Сейтмукашева Г.Ғ., ТІЖО Ерубаева Р.Б., Ордабекова Н.Ғ., Саменова А.М., музыкалық көркемдеуді, басқада жұмыстарды жақсы ұйымдастырды.

Дата: 22.11.2013, 3:24 Автор: №7 МГ