Бедерінде теңгенің,беделің тұр,ел сенің!

Бедерінде теңгенің,беделің тұр,ел сенің!

                                                          «Теңге-біздің тәуелсіздік нышанымыз»

                                                                                                              Н.Назарбаев.

Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға  пара-пар.Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ,әр жылдың өз шежіресі,сыры,тарихы,қасиеті бар. Биыл ұлттық валютамыз-төл теңгемізге 20 жыл толып отыр.Осы орайда С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясының кітапханасында «Теңге-тәуелсіздік тұмары»  атты танымдық сағат өтті.Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды Отанымызды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып,төл теңгеміздің тарихын түсіндіру,ұлттық теңгемізді құрметтеуге,ақша түрлерін білуге түсініктерін кеңейту және тәуелсіздігіміздің 22 жылдығын еске ала отырып патриоттықтәрбие беру.Сонымен қатар кітапханада «Ұлттық теңге-ұлт айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Танымдық тәрбие  сағатқа 9в сынып оқушылары қатысып,белсенділік көрсетті. Оқушылар ұлттық теңгеміздегі қазақтың тарихи тұлғаларымен таныстырып,ақша туралы өлеңдер оқылып,викториналық сұрақтарға жауап беріліп,слайд көрсетілді.

Дата: 21.11.2013, 9:58 Автор: №7 МГ