Қызықты демалыста,қызықты кітаптар оқиық!

Қызықты демалыста,қызықты кітаптар оқиық!

«Әсерлі әдебиеттер әлемі»  атты оқушылармен сырласу кешіміз демалыс кезінде жалғасын табуда.  Шарамыздың негізі мақсаты-оқушылардың назарын оқуға,кітапқа аудару,олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітап-нәзік те,тұнық әлем! Кітап-білімнің түпсіз аспаны,терең бастауы! Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына қорын қалай қастерлейтінімен өлшенетін тұста мұндай шараның өткізілуі ізгілікті де игілікті қадам. Демалыс  апталығындағы  мәдени іс-шараларға  1,2,3,4,5-ші сыныптар  оқушылары қатысты.Электронды көрме және «Кітап-рухани қазына,асыл мұра», «Балаларға базарлық» атты кітап көрмелерін ұйымдастырдық.  Ендеше,  кітап-білімді  қару еткен жаңа әлемдегі жаңа еліміздің озық та өнерлі өкілі болайық! Бұл шара –білім мен өнердің жарысы.Осындай игілікті шаралар көп болсын! Келешек ұрпағымыздың болашағы жарқын,ойлары ұшқыр,білімді де білікті болсын деген ниет білдіремін.

Дата: 21.11.2013, 9:49 Автор: №7 МГ