Дарынды балалармен кездесу

Дарынды балалармен кездесу

Өткен аптада, 25-қазан күні, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының кітапханасында «Ғылыми ойлар әлемінде» атты айдармен мектебіміздің мәртебесін асырып, өздерінің дарындылығымен, білгірлігімен интеллектуалды және шығармашылық қабілеттері бар оқушыларға арнайы бағытталған кездесу кеші өтті.Мақсаты:дарынды тұлға тәрбиелеу,олардың ізденістеріне,білімдерін тереңдетулеріне көмек беру,қолдау.   Сонымен қатар кітапханада «Дарынды оқушылар шығармашылығынан...» деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылап, көрмеге оқушылардың ғылыми жобалар жазудағы қол жеткен жетістіктері мен шығармашылықтары туралы материалдар, марапаттау қағаздары қойылған. Осы кешке қатысушы «дарынды тұлға» ретінде арнайы шақырылған оқушыларымыз: Әлем чемпионымен шахмат ойнаған, маусым айында өткен Қарағанды қаласының ашық біріншілігінде 14 жасқа дейінгі ұл-қыздар арасында сынға түсіп, турнир чемпионы атанып, шахматтан ІІ разрядты шебер(мастер) деген атаққа қол жеткізген 9 «А» сынып оқушысы Дана Мешітбай, қаламызда жыл сайын өтетін дәстүрлі «Алтын бала» дарынды балалардың он бірінші форумына қатысып, байқаудың «Жеңіске талпыну» номинациясы бойынша жеңіске жеткен 11«А сынып оқушылары: Сагымбекова Салтанат Сагатбековна мен «Жеңіске бір қадам» номинациясының иегері Жаппарғалы Нұркен Есенгелдіұлы, мәнерлеп көркем сөз оқудың шеберлері 7-сынып оқушылары: Сейілбеков Еламан мен Атығұл Әйгерім, 4 «Ә» сынып оқушысы Ыдырысов Дулат шахмат ойынының жас талапкері ретінде қатысып отырды. Мектебіміздің мерейін үстем еткен дарындармен кездесу әсерлі күйде өтті. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген халқымыздың дана сөзін әрқашанда есте ұстап, бүгінгі заманның дарынды оқушыларына толағай табыстар мен қарымды қадам тілейік.«Ұстаздың бақыты – оның озып туған шәкірті» десек, есімдерін әлемге паш ететін дарынды да білімді шәкірттеріміз көбейе берсін!

Дата: 21.11.2013, 9:38 Автор: №7 МГ