Жалпы ата-аналар жиналысы

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында бастауыш, орта, жоғары сыныптар аралығында  ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп директорының қызметін атқарушы Альмуханова З.Ш. 2013-2014 оқу жылындағы  мектептің мақсат-міндеттерімен ата-аналарды таныстырды. Мектептің әлеуметтік педагогы Тлеубекова М.Қ. жалпыға бірдей білім беру айлығы бойынша сөз алса, мектеп педагогі  Ерубаева Р.Б оқушы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас туралы, мектеп дәрігері Сәдуақас Г.А. оқушыларға қойылатын гигиеналық талаптар туралы пікір алмасты.

Дата: 18.09.2013, 10:29 Автор: №7 МГ