2023 жылдың 18 қазан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-де балалар әдебиетінің классигі М

2023 жылдың 18 қазан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-де балалар әдебиетінің классигі М
2023 жылдың 18 қазан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-де балалар әдебиетінің классигі Мұзафар Әлімбаевтың  шығармашылығына арналған «Мұзафар Әлімбаев – балалар әдебиетінің классигі» тақырыбында облыстық фестиваль өтті. 
Фестиваль аясында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сатыбалдина П.А. "Менің атым - Мұзафар араб аты" деген тақырыпта ашық сабақ  өткізді. Сабақ барысында Мұзафар Әлімбаев өлеңдеріне, нақыл сөздеріне "Сатылай кешенді талдау" технологиясының әр түрлі деңгейлері бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. 
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тлеубекова М.М. "Оқу сауаттылығы - озық ойлаудың көрсеткіші" тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сынып аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы түрлі әдістер көрсетілді. 
Мұғалімдердің тәжірибесін шыңдап, ойларына ой қосып, тың идеяларының  туындауына ұйытқы болған  мұғалімдеріміздің сабақтары фестивальға қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Бастауыш сынып оқушылары ақынның төрттаған тақпақтарын мәнерлеп айтып,  қонақтармен бірге жұмбақ шешіп, жаттығу жасап, әсерлі жеткізді.Изображение
Дата: 19.10.2023, 15:12 Автор: №7 МГ