«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

30 қараша күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Президенті күніне орай мерекелік жиын өткізілді. Мектеп директоры Қойбағарова Р.Қ. Елбасының ел тәуелсіздігі жолындағы еселі еңбектері туралы баяндама оқыды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрпейісова Ж.М. ұйымдастыруымен 7 сынып оқушыларынан құралған үгіт-насихат тобының саяси ақпарымен жалғасты.

Мектебіміздіің Нұрсұлтан есімді 10 оқушысына құрмет көрсетіліп, сыйлықтар берілді.

Елбасы және тәуелсіздік атты қалалық шығармалар байқауында жүлделі орынға ие болған оқушыларымыз марапатталды. Олар: 9Б сынып оқушысы Төлеуқұл Айзат (Жетекшісі: Уәлиева Ә.М.), 10А сынып  оқушысы Алимжанова Ә.( Жетекшісі: Умбетжанова Г.Б.)

Қазақтың есесі кеткен тарихын қайтарып, Қазақстанды Әлем картасына енгізіп , Сарыарқаның төріне, Европаның кіндігіне қондырған Нұрсұлтандай Ұлы Тұлғаның ерен еңбегін оқушыларға үлгі ету мақсатында сынып сағаттары өткізілді.

Дата: 3.12.2012, 10:55 Автор: №7 МГ