«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»

       27 қараша күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының кітапханасында  Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай тарих пәні мұғалімі Нақыпбекова Ж.С. мен кітапханашы Байжұманова С.Т. ұйымдастыруымен  «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты 8-9 сыныптар аралығында дөңгелек үстел өтті.

         Елбасының еңбектеріне және ол туралы жазылған еңбектерге терең талдаулар жасалып, слайдтар көрсетілді. «Елбасының еңбек жолы», «Оның мінезі Магнитка арқылы шыңдалды» деген  тақырыпта оқушылар өз ойларын ортаға салды. «Егер мен Елбасы болсам...» деген тақырыпта оқушылар өздерінің ұтымды ойларымен де бөлісіп, елімізді тура жолға бастап келе жатқан Елбасымыздың өмірін үлгі етуді мақсат етіп, болашақта еліміздің айбынын асқақтатар ұл-қыздары болатындықтарына үлкен сенім білдірді.

Дата: 30.11.2012, 8:29 Автор: №7 МГ