Білім негізі – бастауышта

 

       Білім негізі – бастауышта

           23 мамыр күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында өнегелі тәлімін ұшқыр ойымен ұштастырып жүрген бастауыш сынып оқушыларының слеті өтті. Слетті директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Сатанова Ш.М. өз баяндамасымен ашты. 2011-2012 оқу жылында білім мен өнер көгінде жарқырап жүрген ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың  жетістіктерін саралай отырып, «Балауса» зияткерлік олимпиадасы мен Кіші ғылым академияларының,  көркемсөз оқу байқаулары мен спорттың майталмандарын, зияткерлік олимпиада жеңімпаздарын  мақтау қағаздармен марапаттады. Атап айтсақ, кез келген ғылымның қыр –сырын меңгерсем деп ғылымға көңіл бөліп жүрген облыстық Кіші ғылым академиясының дипломаттары Күлік Т., Ғабдуллина А., Көпбосын П., Амангелді Ә., Есенова Ж., Серікбаева Ж. мақтау қағаздарымен марапатталды.Шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін Утеуова Р.Ә., Сәрсенбекова Ә.Ж. сияқты ұстаздарымызға  алғыс хат табысталды. Жоғары интеллектуалды білімі арқылы зиялы гимназист тұлғасын көрсеткені үшін 4 Ә сынып оқушысы Есенова Ж. мен 4 А сынып оқушысы Карипбекова А. «Сәкен стипендиатын» жеңіп алды. Слет соңында мектебіміздің ардақты ұстазы Утеуова Р.Ә. оқушыларға батасын берді.

Білімнің биік шыңынан көрініңдер!

Дата: 25.05.2012, 17:36 Автор: №7 МГ