Кезектен тыс педагогикалық кеңес

Кезектен тыс педагогикалық кеңес
      11 ақпан күні Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес бөлім басшысының, әдістемелік кабинет меңгерушісінің және әдіскерлердің қатысуымен  «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ 2019-2020/2020-2021 оқу жылының білім сапасына талдау» тақырыбында кезектен тыс педагогикалық кеңес өтті.Барлығы 84 мұғалім қатысты.  Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды: 
1.2019-2020 оқу жылы мен 2020-2021 оқу жылындағы білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші
2. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысы
        Күн тәртібіне сәйкес 2019/2020 оқу жылы мен 2020/2021 оқу жылындағы білім сапасына салыстырмалы талдау жасалып, білім сапасының өсу, кему динамикасының себептері айқындалып, оны шешу жолдары мен іске асыру механизмдері анықталды. Білім сапасын арттырудағы Lesson Stady сабақты зерттеу әдісінің тиімділігі айтылып, фокус топтардың санын арттыруға ұсыныс жасалды. Сонымен қатар ҰБТ-ге дайындауда қосымша сабақтардың сапалы ұйымдастырылуы нәтижеге бағытталып, оның ішінде төмен сапа көрсеткен гуманитарлық пәндердің сапасын арттыруда жұмыс түрлерін жандандыруға ұсыныс жасалды.
Дата: 12.02.2021, 16:39 Автор: №7 МГ