«Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?»

«Мен  жаңа оқу жылында қалай оқимын?»
С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 21 тамыз күні жаңа 2020-2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында білім алушыларды оқыту  форматтарымен таныстыру мақсатында  «Мен  жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларымен бірыңғай сынып сағаттары өтті. 
Сынып сағаты барысында сынып жетекшілер карантиндік шаралар кезіндегі оқыту форматтары, қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет-платформаның мүміндіктерімен таныстырды.
Мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері,физикалық белсенділік), жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі мен интернетте жұмыс істеу  ережелері мен ақпараттық қауіпсіздігі туралы да түсінідіріліп ата-ана мен оқушыға кең көлемде жеткізілді.
Дата: 21.08.2020, 12:48 Автор: №7 МГ