«Жаңа оқу жылында балаларды оқытуы туралы» тақырыбында тікелей эфирде ата-аналармен виртуалды сұрақ жауабында кездесу өтті.

«Жаңа оқу жылында балаларды  оқытуы туралы» тақырыбында  тікелей эфирде ата-аналармен виртуалды сұрақ жауабында кездесу өтті.
С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия директоры Манатаева Гулзада Мукатаевна 20.08.2020 күні сағат 17.00-18.30 аралығында 7mektepgimnazia парақшасында «Жаңа оқу жылында балаларды оқытуы туралы» тақырыбында тікелей эфирде ата-аналармен виртуалды сұрақ жауабында кездесу өтті. Мектеп-гимназияның ата-аналары оқу жылының басталуы мен ұйымдастырылуы туралы өздерін ойларында жүрген сауалдарын қоя алды. Бір сағат көлемінде көтеген сұрақтарға жауап берілді. Сұрақтардың басым көпшілігі бастауыш сыныптар бойынша кезекші сыныптардың ұйымдастырылуы, қашықтан оқитын оқушылардың компьютермен,интернет желісінің қамтылу мүмкіндігіне байланысты, мектеп формасына қатысты сұрақтар қойылды. Сұрақтарына толық жауап алған ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Дата: 20.08.2020, 18:00 Автор: №7 МГ