«Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру»

«Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру»

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру» атты негізгі мектеп бітіруші 9 сынып оқушыларының ата-аналарына кәсіптік бағыт-бағдар беру жиналысы ұйымдастырылып өтті. Жиналыстың өткізілуіндегі басты мақсат – баланың өзі таңдаған мамандығына қолдау көрсету мен өз ісін сүйетін, шебер кәсіп иелері санынының көбеюіне, бәсекеге қабілетті мамандардың артуына ата-ананың қосатын үлестерінің зор екенін көрсету. Кәсіптік бағыт-бағдар беру жиналысына қалалық оқу орындарынан осы бағытта жұмыс жасап жүрген кәсіби мамандардан түрлі кеңестерді тыңдаған әрбір ата-ана өз баласының қабілетіне қарай бағдар беріп, оның дұрыс мамандық таңдауына жол көрсетуі үшін қажетті талаптармен таныс болды.

Дата: 5.02.2020, 9:32 Автор: №7 МГ