1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынның ақпары. 2017-2018 о/ж

1 қыркүйек  Білім  күніне  арналған   салтанатты  жиынның  ақпары. 2017-2018 о/ж

     Білім  әлеміндегі  дәстүрлі  мерекенің  бірі  саналатын  «Алғашқы  қоңырау»  салтанаты  биылғы  2017-2018 оқу  жылы  ҚР  Мемлекеттік  рәміздеріне  25 жыл, ҚР Қарулы  күштеріне 25 жыл  және «ЭКСПО -2017 Болашақ  энергиясы» Халықаралық  мамандандырылған  көрмесі  және  туған  жеріміз  Балқаш  қаласының  80  жылдық  айтулы  мерекелерімен  тұспа - тұс  келіп  тұр.Мектеп  ауласында  үнемі  көңілді  әуен  ойнап  тұрды.Салтанатты  жиынға  қалалық ішкі саясат  бөлімінің  басшысы Беркенов  Еркен Ержігітұлы  қатысты. Ақ  жол  жайылып  1 сыныптар  «Ақ жолмен»  өтіп  мектептің  салтанатты  жиынына  тұрғызылды.Салтанатты  жиынды  мектебіміздің үгіт бригадасы  ашып,Қазақстанның  толайым  жетістіктерімен таныстырды.Мектеп  табалдырығын  алғаш  аттаған  бүлдіршіндердің  құттықтаулары  болды. Алғашқы  қоңырауды  11 сынып  мақтаныштары Шарзадин Әлішер мен Мырзағалы Гүлназ және мектеп  табалдырығын  тұңғыш  аттаған 1 сынып  оқушылары  соқты. Жиында  «Туған  жер»  туралы  ән  орындалып, «Ата толғау» қазақ  биімен  аяқталды.Екінші  бөлім  бойынша   ашық  тәрбие  сағаттары  өткізілді. Мұражайда 7 сыныптармен  тәрбие сағаты,  45  қабинетте 11 А сыныбында,14 кабинетте  11 Ә  сыныбында  өткізілді. Қалған  барлық  сыныптарпда  тәрбие  сағаттары  өткізілді.

Дата: 2.09.2017, 10:01 Автор: №7 МГ