Размер шрифта:

Жаңалықтар

“Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ”спорттық сайысы

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-10-20 23:56:19
17 қазан күні мектеп парламенті оқушыларының ұйымдастыруымен 5сынып оқушыларының арасында “Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ”спорттық сайысы өткізілді.Мақсаты: -оқушылардың денсаулығын нығайту,ептіліктерін байқау; -спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру; -салауатты өмір салтын насихаттау;
Автор: №6 ОМ

Мектеп парламентінің алғашқы отырысы.

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-09-27 18:00:48
Мектеп парламентінің алғашқы отырысы. Отырыс барысында аға тәлімгер парламент мүшелеріне 2021-2022 оқу жылының қорытындысын айтып, 2022-2023 оқу жылына арналған жоспармен таныстырды. Әр фракцияға жауапты оқушыларды таңдап, жұмыстарын бекітті.
Автор: №6 ОМ

"Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!" акциясы

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-09-27 17:07:05
Қыркүйектің 27-28 күндері мектебімізде "Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!" акциясы өтуде. Аға тәлімгер, кітапханашылар, мектеп Парламенті мүшелері оқулықтар жағдайын тексеріп шықты. Соңынан кітапханаға әрбір сынып шақырылып, кітапты күту ережелері таныстырылды. Жыртылған оқулықтарды желімдеп, өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға оқулықтарды дұрыс сақтау және оларды  ұзақ қолда...
Автор: №6 ОМ

«Мектеп парламенті Президенті» сайлауы

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-09-26 14:31:28
Саяқ кенті №6 жалпы білім беретін мектебі оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымын дамыту мақсатында 13 қыркүйек «Мектеп парламенті Президенті» сайлауы өтті. Сайлауға өз еріктерімен 2 оқушы қатысып, өз бағдарламаларын ұсынды. Нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 9а сынып оқушысы Жакаева Жанель мектеп парламенті Президенті болып тағайындалды.
Автор: №6 ОМ

Мектептік парламент құрылымы

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-09-15 15:27:32
Автор: №6 ОМ

8-сынып оқушысы жас блогер Сарсенбинов Саламат Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянына арнайы репортаж түсірді

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-09-12 11:36:24
Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Соған орай 8-сынып оқушысы жас блогер Сарсенбинов Саламат Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянына арнайы репортаж түсірді
Автор: №6 ОМ

Балқаш қаласының 85 жылдығына арналған флешмоб

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-04-19 11:04:13
Мызғымас бірлікті сөзбен емес, іспен дәлелдеуді мақсат тұтқан мектеп парламентінің оқушылары13.04.2022ж күні Балқаш қаласының 85 жылдығына флешмоб ұйымдастырды. Оқушылар Балқаш қаласының туған күніне деген құрметін осылайша танытты.
Автор: №6 ОМ

«Әл-Фараби – әлемнің екінші ұстазы» пікірсайыс турниры

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-04-01 12:13:54
2022 жылдың ақпан айының 19 күні Балқаш қаласында өткен «Әл-Фараби – әлемнің екінші ұстазы» атты оқушылар мен студенттер арасындағы аймақтық пікірсайыс турнирына мектебіміздің «Жалын» командасы қатысып, алғыс хатқа ие болды.
Автор: №6 ОМ

«Мың алғыс сізге!» челлендж

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-02-28 17:20:57
1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1...
Автор: №6 ОМ

"Ауған ардагерлеріне құрмет" дөңгелек үстел

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-02-23 10:53:01
22.02.2022 күні мектеп парламенті, «Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл толуына арналған «Ауған ардагерлеріне құрмет» атты дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуге Ауған ардагері Тойшыбеков Талғат Сарбасұлы шақырылып, білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Шараның мақсаты: Ауған оқиғасының...
Автор: №6 ОМ

"Қауіпсіз қысқы жол"акциясы

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-02-15 20:10:32
Қысқы кезеңде балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2022 жылғы 15 ақпанда №6 ЖББМ парламент мүшелерімен "Қауіпсіз қысқы жол"акциясы өткізілді. Кент тұрғындары мен балаларына жол қозғалысы ережелері және қыс мезгілінде жүріс-тұрыс қауіпсіздігі ережелері туралы парақшалар таратылды, сондай-ақ әңгіме өткізілді.Негізгі міндеті-жол жүру ережелерін зерделеу, жол қозғалысының барлық қат...
Автор: №6 ОМ

“БП. пайымдауынша пандемия әлем жұртшылығына пайдасынан гөрі көп зиян келтіреді”

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2022-01-24 15:06:26
22.01.2022 күні “Ақиқат” дебат клубының ұйымдастыруымен “БП. пайымдауынша пандемия әлем жұртшылығына пайдасынан гөрі көп зиян келтіреді” тақырыбында дебат ойыны өтті. Мақсаты: оқушының ой-өрісін дамыту,іздендіру,мәдениеттілікке тәрбиелеу. АПФ форматында өткізілген ойын нәтижесінде “Оппозиция”тобы жеңіске жетті.
Автор: №6 ОМ

бiрiншiсi 1 2 3 4 соңғысы