«Мың алғыс сізге!» челлендж

1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.Мереке қарсаңында оқушылар парламентінің ұйымдастыруымен «Мың алғыс сізге!» атты челлендж ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Дата: 28.02.2022, 17:20 Автор: №6 ОМ