"Ауған ардагерлеріне құрмет" дөңгелек үстел

22.02.2022 күні мектеп парламенті, «Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл толуына арналған «Ауған ардагерлеріне құрмет» атты дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуге Ауған ардагері Тойшыбеков Талғат Сарбасұлы шақырылып, білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Шараның мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақыру.

Дата: 23.02.2022, 10:53 Автор: №6 ОМ