"Көшбасшы деген кім?" тақырыбында арнайы семинар
20-01-2023 13:58

18.01 күні оқушылар сарайында Алматы қаласы "Жаңа Ұрпақ" көшбасшылар мектебінің ұйымдастыруымен қаламыздағы білім беру ұйымдарының өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне "Көшбасшы деген кім?" тақырыбында арнайы семинар өткізді. Семинар барысында көшбасшылық қабілеттер, жетістікке жету жолындағы мотивация, коммуникация, сенімділік, қоршаған ортамен қарым-қатынас сияқты тақырыптар қозғалып, аталған қабілеттерді дамытуға арналған психологиялық ойындар ойнатылды. Арнайы ұйымдастырылған семинарға мектеп президенті, орынбасары, Ұланбасы,фракция көшбасшылары қатысты.Семинарды "Жаңа Ұрпақ" көшбасшылар мектебінің спикері - Рустам Аубакиров жүргізді.Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің бойында көшбасшылық қасиеттерін ашу, дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

@obb_qaragandy

@umckrg

@bala_qorgau_uakili_krg