Қайырымдылық акциясының ақпараты
13-10-2021 22:48
Қайырымдылық акциясының ақпараты
№9 жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылдың қазан айының 13 күні мектеп парламенті ұйымының қамқорлық фракциясының министрлері үйсіз жануарларға «Қайырымдылық акциясын» ұйымдастырды. Мақсаты - үйсіз жануарларға көмек көрсету, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, жануарларға қамқорлық жасауға үлес қосу. Осындай іс-шаралар қайырымдылық мәдениетін тәрбиелейді, Отанға деген сүйіспеншілік туған өлкеге деген қамқорлық пен жауапкершілік арқылы көрініс табатынын түсінуге көмектеседі.