Жалпы республикалық педагогикалық кеңес бойынша Балқаш қаласы, ЖББ №8 орта мектебінің ақпары
19-08-2020 13:56
Жалпы республикалық педагогикалық кеңес бойынша   Балқаш қаласы, ЖББ №8 орта мектебінің ақпары

Бүгін 2020 жылдың 19 тамызы күні сағат 12:30-да Балқаш қаласы ЖББ №8 орта мектебінде онлайн «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізілді. П.К. мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету болды. Педагогикалық кеңеске мектеп әкімшілігі мен педагогтер толықтай қатысты. «Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары», «оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау», «11-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары», «қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер», «мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу», «баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?» деген тақырыпта мәселелер жан-жақты қарастырылды.