Ұшқан ұя
21-04-2017 03:38
Ұшқан ұя

           Бауыржан Момышұлының    «Ұшқан ұясы»  тұнып тұрған тәрбие десек артық айтпаған болар едік. Кітаптың атының өзінен  «Ұшқан ұя» аталуының   өзінде  зор мән бар. «Ұяда не көрсең соны аласың » деген мақалдың   рас екенін Бауыржан  Момышұлының  естеліктерінен  толық аңғарамыз.    Рухани жан  таза адамның болашақ  ұрпақтарына қалдырған аманат кітабы десек болады.  Осы орайда 8-9 сынып оқушылары арасында танымдық сағат өтті.  Оқушылар   Бауыржан МомышұлыныңБауыржан өмірбаянынан бастап, «Ұшқан ұясы»  кітабының  мән-мағынасын тереңнен ашты.  Оқушылар қазақи салт – дәстүрлермен танысты. Бұрын Бауыржан атаны қатал жауынгер ретінде білсе, енді ол кісіні қарапайым, жаны нәзік адам ретінде танып үлгерді.