«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары

Дата: 2016-12-16 09:33:48
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  іс-шаралар ақпары

Желтоқсан айының15-і күні лицей ұстаздары Амирбаева Ғ.М., Пірімбетова Н.Қ. және кітапханашы Бұлғамбай Х. ұйымдастыруымен  «Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздіктің бастауы» атты желтоқсан куәгерлерімен кездесу өткізілді. Іс-шараға қонаққа қалалық білім бөлімінің әдіскері Әсемханова Гүлнар Базылханова, №2 Абай атындағы лицейіміздің технология пәнінің мұғалімі Адамбай Жасұлан Тарыбайұлы келді. Желтоқсан оқиғасына куә болған аға-апаларымызға сол жылдар жайлы сұрақтар қойылды. Сол бір қиын кезеңде ел тәуелсіздігі жолында құрбан болған боздақтарымыздың бірі – Қайрат Рысқұлбековтың өмірінен алынған көрініс көрсетілді. Кездесу соңында  сынып оқушылары белгілі ақын-жазушыларымыздың өленің оқыды.