«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары

Дата: 2016-12-14 15:03:00
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  іс-шаралар ақпары

14 желтоқсан күні лицейде «Айбыны асқақ, тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеште лицей директоры Қ.Т.Рахимберлина құттықтау сөз сөйледі. Кештің шымылдығы «Өркен» үгіт-насихат тобының патриоттық өлең-жырларымен ашылды. Халықтың арда туған ұлдары, би-шешендерінің нақыл сөздерінен, желтоқсан оқиғасына қатысқан бабаларымыздың сан-қилы өмірі мен тағдыры бейнеленген көрініс көптің көңілінен шықты. «Алтын діңгек» атты жүрегінен жарып шыққан жыр-шумақтары оқылды. Ұлттық дәстүрімізді ұлықтаған оркестрдің сазды күйі әуелете ойналды. Лицей оқушыларының орындауында «Астана», «Туған жер» әндері шырқалды, бастауыш сынып оқушылары көркем гимнастика көрсетті. Кеш соңында байтақ даламыздың асқақтығын бейнелеген «Туған ел» хоры орындалып, мерейлі мерекемізге арналған  «Тәуелсіздік» атты композициямен аяқталды.