«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары

Дата: 2016-12-12 10:31:13
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  іс-шаралар ақпары

12-ші желтоқсан күні лицейде  «Тәуелсіздіктің  25 жұлдызды  күні»   аясында «Индустрияландыру» күні  аталып  өтті. Саптық жиында аға тәлімгердің ұйымдастыруымен «Жас Ұлан» ұйымының үгіт-насихат тобы  оқушыларға өз жұмысын көрсетті. Үгіт-насихат тобы оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елінің азаттығы жайлы, тәуелсіздік туралы өлең шумақтарын, индустрияландыру туралы қысқаша мәлімет беріп өтті. Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктерін айтып шықты. Лицей ұстаздары да оқушыларға жұлдызды күннің бүгінгі тақырыбы аясында көптеген мәліметтер берді.