«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары

Дата: 2016-12-12 10:29:41
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  іс-шаралар ақпары

11 желтоқсан күні лицейде «Мәңгілік ел – Жасыл ел!», «ЭКСПО - 2017» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге  бастауыш сынып оқушыларының өз қолдарымен жасалған заттары қойылды. Атап айтар болсақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына түрлі композициялар, 1А сынып оқушысы Серікқызы Сабинаның жасаған «ЭКСПО - 2017» композициясы, 1В сынып оқушысы Дулатбек Ибрахимның жасаған «Қазақстан картасы», 3Г сынып оқушысы Абикен Диас жасаған «Бәйтерек», 2А сынып оқушысы Серікбай Азаматтың оригамидан жасаған «Бәйтерек» мүсіні, 2Ә сынып оқушысы Ақпанбек Ислам жасаған «Пирамида», «Балқашым – бағым» атты сүйікті Балқаш қаламыздың 80 жылдық мерейтойына арналып жасалған композициялар  көрмеге қойылды. Оқушылар әзірлеп келген композицияларын қорғап шықты. Басқа да сынып оқушыларының көптеген қолдан жасалған мүсіндері, түрлі композициялары қойылды.