«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары

Дата: 2016-12-07 12:46:47
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  іс-шаралар ақпары

Желтоқсан айының 7-сі күні лицейде спорттық жетістіктер шеруі болып өтті. Іс-шара  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен ашылды. Шерудің мақсаты оқушылардың бойына Отан сүйгіштік қасиеттерін арттру, дене қабілеттерін шындау және бұқаралық спортты насихаттауда жүрді. Шеруге 8 боксшы, 10 волейболшы, 10 баскетболшы, 8 еркін күресші, 4 дзюдошы, 10 гимнастшылар, 12 футболшылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, «Лицей KZ» тобы  флешмоб биледі және мадақтама қағаздарымен марапатталды.