Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары

Дата: 2016-11-25 02:33:43
 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  іс-шаралар ақпары

Қараша айының 24-і күні лицейдің 5 сынып оқушылары арасында «Тәелсіздік – ел бақыты ертеңім» атты интеллектуалды сайыс өтті. Іс-шара әнұранмен ашылды. Сайыс IV кезең бойынша ұйымдастырылды. I кезең – «Таныстыру»,  II кезең – «Кім тапқыр?», III кезең – «Поэзия минуты», IV кезең – «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталды. Әр топ атауын, эмблемасын, топтың атын айтып таныстырды. «Кім тапқыр» кезеңі бойынша оқушыларға әр түрлі сұрақтар қойылды. «Поэзия минуты» кезеңінде әр топтың оқушысы үш тілде өлең шумақтарын айтты. Сондай-ақ, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жарысты. Сайыс қорытындысы бойынша: 5Ә сыныбы «Білімді топ» номинациясымен,  5Б сыныбы «Зерек топ» номинациясымен, 5А сыныбы «Тапқыр топ» номинациясымен, 5В сыныбы «Алғыр топ» номинациясымен марапатталды.