"Мен Отаным - Қазақстан" атты компьютерлік презентация сайысы

Дата: 2016-11-05 15:33:23

05.11.2016 жылы лицейімізде ҚР-ның Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Мен Отаным - Қазақстан" атты қалалық пезентациялар сайысы өтті. Сайысқа қаланың қазақ мектептері қатысты. Қорытынды І орынға Сембек Амина №8 орта мектебінің 4 Ә сынып оқушысы, ІІ орынға Мырзалы Бауыржан №15 мектеп лицейінің 4 Б сынып оқушысы, ІІІ орынға Дулатова Мерей №16 орта мектебінің 4 А сынып оқушылары ие болды. Барлық қатысқан сайыскерлер мадақтау қағаздарымен марапатталды.