«Өнегелі өмір» жобасы аясында Қазақ ұлттық академиясының ректоры, қырықтан астам әндер ("Астана - бас қала", т.б.) мен симфониялық оркестрге, халық аспаптары оркестріне, ішекті аспаптар квартетіне арналған музыкалық шығармалардың авторы, педагогика ғылым

Дата: 2024-04-15 15:54:42
«Өнегелі өмір» жобасы аясында  Қазақ ұлттық академиясының ректоры, қырықтан астам әндер (

12.04.2024 ж  «Өнегелі өмір» жобасы аясында  Қазақ ұлттық академиясының ректоры, қырықтан астам әндер ("Астана - бас қала", т.б.) мен симфониялық оркестрге, халық аспаптары оркестріне, ішекті аспаптар квартетіне арналған музыкалық шығармалардың авторы, педагогика ғылымдарының докторы, композитор, профессор Тілеуғали Әшірбекұлы Қышқашбаев «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ нің оқушылары және ұстаздарымен кездесті. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, әнші Бақтияр Тайлақбаев та мектебіміздің қонағы болды. Тілеуғали Әшірбекұлы Қышқашбаев өзі түлеп ұшқан Абай мектебінің қазіргі жағдайымен де танысты. Мектеп тарихынан сыр шертетін мектеп мұражайына кіріп, сол бір тоқсан жылдық тарихы бар мектебіміз жайлы түрлі естеліктерімен бөлісті. Мектебіміздегі музыка кабинетінің жағдайымен де танысып, өңірімізге белгілі әнші күйшілердің өмірінен де дәріс берді.