“Құстар - біздің досымыз" тақырыбында қос қанаттыларға ұя және жемсалғыш жасау шарасы өтті.

Дата: 2024-04-11 19:17:43
“Құстар - біздің досымыз

«Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы» апталығы аясында 4-сынып оқушылары арасында “Құстар - біздің досымыз" тақырыбында қос қанаттыларға ұя және жемсалғыш  жасау шарасы өтті. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру шаралары негізінде құстарға тиіспеу, оларды аялап, қамқорлық жасауға  тәрбиелеу шаралары түсіндіріліп, құстар жөнінде қосымша мәліметтер берілді. Жасаған ұялары мен жемсалғыштары  мектеп ауласындағы ағаштарға ілінді.Жас құрастырушылар іс шарасын Стамбекова Ш.Д және Ордабекова Н.Г ұйымдастырып өткізді.