11 сынып оқушыларының ата-аналарымен кезекті жиналыс өтті.

Дата: 2024-04-10 17:19:23
11 сынып оқушыларының ата-аналарымен кезекті  жиналыс өтті.
11 сынып оқушыларының ата-аналарымен кезекті  жиналыс өтті. 
Тақырыбы:
2023-2024 жаңа оқу жылында  11 сынып оқушыларымен қорытынды аттестаттауға және  ЖОО-на түсу үшін ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыру жұмыстары
Күн тәртібінде қаралған сұрақтар: 
1. Түлектердің ЖОО-на түсудегі өзгешеліктер, басты назарға алуға бағыт бағдар беру.
2. 11 сынып оқушыларымен мемлекеттік қорытынды аттестаттау жүргізу туралы ақпарат
3. 11 сынып оқушыларының қаңтар, наурыз айларындағы ЖОО-на түсу үшін республикалық тестілеу қорытындысы бойынша талдау. 
4. Әр түрлі сұрақтар
         Жиналыста директордың БІЖО Шармуханбетова  Ж.А. ата-аналарға биылғы оқу жылындағы 11 сынып оқушылары бойынша қысқаша ақпар берді, ҰБТ бойынша жаңа өзгешіліктермен таныстырды. білім сапаларына және жыл бойы өткен ЖОО-на түсу үшін ҰБТ бойынша өтікізілген мектепішілік, республикалық тестілеу қорытындыларының қорытындысына проблемалық талдау жасады. Қаңтар және наурыз айларындағы республикалық ҰБТ тестілеуі бойынша салыстыра отырып, оқушылардың әлді, әлсіз жақтарына толық ақпар берді. 
         Сонымен бірге мектеп психологы Төлетаева А.А. ата-аналармен психологиялық трениенгтер элементтерімен жаттығулар жүргізе отырып, психологиялық кеңес берді. 
    Жиналыс соңында ата-аналардың әр түрлі сұрақтарына жауап берілді.