«Ғылым және технология» жаратылыстану – ғылыми сауаттылық апталығы аясында 10 сыныптар арасында «Қызық екен» интеллектуалдық сайысы өтті.

Дата: 2024-04-09 23:15:02
 «Ғылым және технология» жаратылыстану – ғылыми сауаттылық апталығы аясында 10 сыныптар арасында «Қызық екен» интеллектуалдық сайысы өтті.

2024 жылдың 8 –ші сәуірінде мектеп – лицейімізде «Ғылым және технология» жаратылыстану – ғылыми сауаттылық апталығы аясында 10 сыныптар арасында «Қызық екен» интеллектуалдық сайысы өтті. Өткізген биология пәні мұғалімі Коккозова Н.А. Сайыс биология пәнінің салалары және қызықты тәжірибе бөлімдерін қамтыды. Биология өміріміздің кез – келген саласында қолданылатынына көз жеткізе отырып, биология ғылымы туралы қызықты деректермен танысып, тәжірибелер жасады.Сайстың қорытындысы бойынша 10 «Ә» сыныбы жүлделі І – ші орынды иеленді. 10 «А» сыныбы ІІ орынға ие болды. Белсенділік танытқан оқушыларымыз  алғыс хатпен марапатталды. Олар 10 «А» сынып оқушысы Данбай Самал мен 10 «Ә» сынып оқушысы Нургалиев Мирас. «Қызық екен» интеллектуалдық сайысы қызықты мағынасы мол оқушыға берері көп сайыс болды.