Көктемгі демалыс кезінде, 21-31 наурыз аралығында оқушылардың қауіпсіздік техникасы және мінез-құлық ережелері

Дата: 2024-03-26 11:35:29
Көктемгі демалыс кезінде, 21-31 наурыз аралығында оқушылардың қауіпсіздік техникасы және мінез-құлық ережелері
Көктемгі демалыс кезінде, 21-31 наурыз аралығында оқушылардың қауіпсіздік техникасы және мінез-құлық ережелері
 
- Көшеде, жолдан өту кезінде абай болыңыз, жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;
- 14 жасқа дейінгі балаларға көлік қозғалысы бар жолдарда велосипедпен жүруге құқық жоқ:
- 18 жасқа дейін балаларға автокөлікті (мотоцикл, мотоцикл, квадроцикл, автомобиль) пайдалануға тыйым салынады;
- Көктемде өзен-көлдерге жақындамаңыз, қардың еруі, су тасқыны кезінде абай болыңыз. Ата-ананың немесе оларды алмастыратын адамдардың еріп жүруінсіз көлге, су айдындарына және т. б. баруға тыйым салынады;
    -   Ауыл-аймаққа бара қалсаңыз, бұралқы үй жануарларына жақындамаңыз, ойнамаңыз; 
Трактор бригадаларына, гараждарға, фермаларға ересектердің сүйемелдеуінсіз баруға тыйым салынады;
- Егер сіздің үйде мылтық болса мылтықпен ойнамаңыз, балалар ешқандай жағдайда өз қолдарына қару алмауы керек.
- Теледидар көргенде және компьютерде жұмыс істегенде уақыт режимін сақтаңыз;
- Сағат 22:00-ден кейін ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың еріп жүруінсіз көшеде жүруге заңмен ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН
- Электр аспаптарына абай болу, теледидарды, электр үтікті, шәйнекті және т. б. қосу және өшіру кезінде қауіпсіздік техникасын сақтаңыз, үлкендердің көмегімен пайдаланыңыз. 
Бастауыш сынып оқушыларына сіріңкелерді пайдалануға мүмкіндік бермеңіз;
- Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау ережелерін бұзудың барлық жағдайлары туралы мектеп әкімшілігіне дереу хабарлау қажет.
Оқушылардан талап етіледі:
 тастанды иесіз көлік құралдары жарылғыш құрылғылардың бар екендігіне күдікті белгілері бар сөмкелер, қораптар, пакеттер туралы Ішкі істер органдарына хабарлау;
діни нәсілдік ұлттық және экстремизмнің басқа түрлеріне жол бермеу:
қызықтап, алдап мемлекеттік орган телефондарына жалған қоңырау шалу, лаңкестік шабуыл туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін біліңіз.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиісті шұғыл қызметтерге қоңырау шалыңыз:
Өрт кезінде 101 нөміріне қоңырау шалыңыз;
Полиция - 102;
Жедел жәрдем – 103;
Авариялық газ -104;
Бірыңғай құтқару қызметі – 112.
Ескерту: жалған қоңыраулар мен хабарламалар жасауға тыйым салынады. Есіңізде болсын, жалған ақпарат туралы хабарлама заңмен қудаланады!!!