"Жас мамандарға арналған ашық сабақтар тізбесі" бағыты бойынша мектеп лицейдің тарих пәні мұғалімі Касенова А.Б.8 а сыныбында "Қаныш Сатпаев -жан жақты ғалымы тақырыбында тәжірибе көрсету, ашық сабағын өткізді.

Дата: 2024-03-26 11:19:49
15.03 күні қалалық білім бөлімі әдіскерлер кабинетінің жоспарына сәйкес "Жас мамандарға арналған ашық сабақтар тізбесі" бағыты бойынша мектеп лицейдің тарих пәні мұғалімі Касенова А.Б.8 а сыныбында "Қаныш Сатпаев -жан жақты ғалымы тақырыбында  тәжірибе көрсету, ашық сабағын өткізді.Сабақ замануи форматта жүргізілді.Оқытудың белсенді әдіс тәсілдері "Зымыран сұрақтар" "Жанды карта" "Ойлан,жұптас,бөліс' түрлері  қолданылды.Тақырыптың мақсатына жету барысында оқушылар түрлі танымдық тапсырмалар орындады.
Бейне фильм арқылы ұлы  академик К Сатпаевтың еңбектері көрсетілді.
Сабақта сандық білім ресурстары қолданылды,оқушылар білімдерін электронды қосышмасымен түйіндеді.Сабаққа мазмұнды,жақсы кері байланыс берілді.
Тәжірибе алмасу сабағына қала мектептерінің жас мамандары,лицейіміздің озық тәжірибелі мұғалімі Карибжанов Е.Т және қалалық білім бөлімі әдіскері Бейсенбай С.С қатысты.