Размер шрифта:

"Мемлекеттік рәміздер- бұл мемлекетіміздің егемендігіміздің берік негізінің бірі " атты 7 Ә сынып жетекшісі тарих пәні мұғалімі Касенова А.Б сыныбымен викториналық ойын өткізді.

Дата: 2024-02-18 18:04:31

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері барша қазақ халқының мәртебесін асқақтатады. ҚР мемлекеттік рәміздерінің дизайны ерекше әрі әр қазақ азаматына ұлттық рух пен күш-қайрат береді."Құқық навигаторы"  құқықтық сауаттылық апталығы аясында  14 ақпан күні  Абай атындағы №2 мектеп-лицейде "Мемлекеттік рәміздер- бұл  мемлекетіміздің егемендігіміздің берік негізінің бірі "  атты 7 Ә сынып жетекшісі  тарих пәні мұғалімі Касенова А.Б  сыныбымен  викториналық ойын өткізді. Мақсаты:Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.Ойын барысында  Мемлекеттік  рәміздердің шығу тарихы, ондағы символдар туралы  оқушыларға жасырын сұрақтар қойылып, әрбір  сұрақтарды толық   жауап берді.