«BookBest» («Книжный сюрприз») кітап алмасу акциясы

Дата: 2024-02-14 18:20:49
«BookBest» («Книжный сюрприз») кітап алмасу акциясы
Халықаралық кітап сыйлау күні 2012 жылдан бастап жыл сайын 14 ақпанда аталып өтедi. Мақсаты - кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту. Кітап сыйлау күніне орай «BookBest» («Книжный сюрприз») кітап алмасу акциясы  3-9 сынып білім алушыларының қатысуымен жүзеге асырылды. 
Кітап оқу, кітап сыйлау үрдісі - адамзат қоғамымен бірге жалғасын таба берері сөзсіз. Өзге халықтарды қайдам, біздің тарихымызда бұл - ежелден бар. Түркі халқынан шыққан әйгілі ойшыл дана Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» атты даналық кітабын 1070 жылы Қарахандар әулетінің (942-1210) негізін қалаушы Сүлеймен Арсылан ханға (908-955) тарту еткені тарихтан белгілі. Шығыстың ойшыл ғұламаларында ел иесі сұлтандар, хандар, патшаларға кітап тарту ету - ежелден бері қалыптасқан үрдіс. Белсенді атсалысқан 3 Б, 5 А, 8 В сынып білім алушылары мен сынып жетекшілеріне, ата-аналарға алғыс айтамыз!