Размер шрифта:

"ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ" ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы бастау алды.

Дата: 2024-02-07 00:33:15

Қарағанды облысы оқу- әдістемелік орталығының функционалды сауаттылықты дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың 05 ақпанында Абай атындағы 2 мектеп-лицейінде "ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ" ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы бастау алды. Информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектептің 1-ші қабатына ақпараттық стендісі жасалды.7 "Б" сыныбы "ХХІ ғасыр - ақпараттық технологиялар ғасыры" атты тақырыбында саптық жиынмен ашты. Сынып жетекшісі:А.К.Кабанова.