"Жаңа форматтағы замануи сабақ" жас мамандар апталығы жалғасуда.

Дата: 2024-01-31 00:50:51
"Жаңа форматтағы замануи сабақ" жас мамандар апталығында химия пәні мұғалімі Ә.РМұсабекова  8 ә сыныбында "Кавалентті байланыс" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқытудың белсенді әдіс тәсілдері қолданылды. Оқушылар топтық, жеке жұмыстар орындап, бонус арқылы бағаланып отырды.
"Монополия" ойыны арқылы жеке сұрақтар беріліп,оқушымен жеке жұмыс жасалды. Жас маман иод, элементінің ерекшелігін тәжірибе жасап көрсетті және молекулалардың байланысын модельдеу әдісі арқылы оқушылар өздері құрастырды.
Сабаққа тәлімгері Р.С.Мұқамеди және директордың БІЖО Н.А.Коккозова  жақсы кері байланыс берді.