"Жаңа форматтағы замануи сабақ" жас мамандар апталығы жүруде.

Дата: 2024-01-31 00:47:48
"Жаңа форматтағы замануи сабақ" жас мамандар апталығы жүруде.
25 қаңтар  күні 5 А сыныбында тарих пәні мұғалімі жас маман М.Н.Жаппраова  "Берел қорғандары" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақта оқытудың белсенді әдіс тәсілдері қолданылды. Оқушылар теледидар макеті арқылы "Қызықты телебағдарлама" әдісі  бойынша  үй  тапсырмасын баяндады."Фрайер" әдісі бойынша жаңа сабақ талданды.
Сынып оқушыларының белсенділіктері жоғары, пәнге деген қызығушылықтары зор екені байқалды.
Сабаққа тәлімгері Е.Т.Карибжанов директордың БІЖ  орынбасары Н.А.Коккозова оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина, жас мамандар, пән мұғалімдері қатысты.